ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ БОЛАШАҒЫ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР
Abstract
Бүгінде қаржы секторы Биткойн және Эфириум сияқты криптовалюталар басқаратын блокчейн технологиясы мен ақылды келісімшарттар ұсынатын мүмкіндіктермен мүлдем жаңа дәуірге аяқ басты. Осы жаңа дәуірде таратылған құрылымға ие және қауіпсіз, ашық және өзгермейтін жазу жүйесін ұсынатын блокчейн технологиясы арқылы қаржы секторына әкелген ең маңызды жаңалықтардың бірі - DeFi деп аталатын орталықтандырылмаған қаржылық қосымшалар. DeFi дәстүрлі қаржылық жүйені түрлендіретін, орталық органдарды алмастыратын жүйені құруға мүмкіндік беретін және негізінде ашық әрі қолжетімді қаржы жүйесін құру үшін блокчейн технологиясын қолданатын экожүйе ретінде қабылдана бастады. DeFi қосымшалары арқылы банктерге немесе әртүрлі қаржылық делдал институттарына жүгінбей-ақ ашық және қауіпсіз транзакциялар жасауға бағытталған. Орталықсыздандырудың арқасында пайдаланушыларға өз активтерін толық бақылау қамтамасыз етіледі және олардың орталық органдарға тәуелділігі төмендейді. Бұл зерттеудің мақсаты DeFi-дің (Decentralized Finance-орталықтандырылмаған қаржы) негізгі принциптері мен мүмкіндіктерін бағалау және оның CeFi-ден (Centralized Finance-орталықтандырылған қаржы) айырмашылығын көрсету болып табылады. Мақалада талдау, индукция және дедукция, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері мен Defillama және CoinMarketCap ұйымдарының статистикалық есептері болып табылады. Зерттеу нәтижесінде DeFi экожүйесінің орталықсыздандыру және делдалдық институтсыз транзакция жасау сияқты артықшылықтары бар болса да, оның әртүрлі жүйелі және жүйелі емес тәуекелдері бар (мысалы, реттеу, тұтынушылық, технологиялық және операциялық). Бұл тәуекелдер пайдаланушыларды инвестициялық шығынға ұшыратады. Жүйедегі негізгі технологияны түсіну және күшті қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы пайдаланушылар осы ықтимал қауіптерді азайта алады. DeFi пайдаланушылары осы ықтимал тәуекелдерді білуі, жаңа платформаларға қатысуы және инвестициялауда мұқият болуы керек. Нәтижесінде, орталықтандырылмаған қаржы әкелетін инновациялық мүмкіндіктерді кеңінен тану және жүйе ішіндегі ықтимал тәуекелдерді азайту арқылы тезірек, арзанырақ және қолжетімді қаржылық қызметтер ұсынылып, DeFi экожүйесі кеңірек таралуы мүмкін.
Community
0 commentsNo discussion yet
Be the first to share a question or observation.