Papers1 provider · 1 record
November 1, 2025· BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
article
Open access

АЛМАСТЫРЫЛМАЙТЫН ТОКЕНДАР ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Authors:A.О. СыздықоваР.М. ТажибаеваА.Т. Абубакирова

Abstract

Блокчейн технологиясының дамуымен, алмастырылмайтын токендар (NFT- Non-fungible token) цифрлық меншік тұжырымдамасын қайта анықтады және құқықтық реттеулер тұрғысынан маңызды сұрақтарды көтерді. NFT-лер өнер туындылары, музыка, ойын ішіндегі активтер және виртуалды жылжымайтын мүлік сияқты көптеген сандық активтерді сатып алуда-сатуда қолданылады және орталықтандырылмаған құрылымына байланысты олар дәстүрлі заң негіздеріне толығымен сәйкес келмейді. Бұл жағдай меншік құқығы, зияткерлік меншік, келісім-шарт құқығы және алаяқтық сияқты әртүрлі мәселелер бойынша құқықтық белгісіздік тудырады. Көптеген елдердегідей, Қазақстанда да NFT үшін арнайы құқықтық база жоқ. Бұл жағдай сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де заңды белгісіздіктер тудырады және зияткерлік меншік құқығы, алаяқтық, келісім-шарт құқығы және тұтынушылардың құқықтары тұрғысынан әртүрлі тәуекелдерді тудырады. NFT нарықтарының жылдам өсуі үкіметтердің осы жаңа цифрлық актив сыныбын реттеу қажеттілігін арттырды. Дегенмен, елдер арасында айтарлықтай нормативтік айырмашылықтар бар. Кейбір юрисдикциялар NFT-лерді сандық активтер немесе бағалы қағаздар ретінде жіктеп, оларды қолданыстағы қаржылық ережелерге бағындырса, кейбір елдер арнайы заңдарды әзірлеуде. Зияткерлік меншік құқықтарына келетін болсақ, NFT-лер жай сандық куәлік пе немесе авторлық құқықты беруді де қамтуы мүмкін бе деген жалпы көзқарас әлі жаһандық деңгейде әзірленбеген. Әртүрлі елдерде салық салуға қатысты әртүрлі тәжірибелер де бар. Кейбір елдерде NFT операцияларына қосылған құн салығы (ҚҚС) салынса, басқа елерде олар құн өсіміне салынатын салық ретінде қарастырылады. Алайда, NFT-дің трансшекаралық сипаты мен орталықтандырылмаған құрылымы салық салу процестеріндегі сәйкестік пен аудит мәселелерін туындатады. Бұл мақалада NFT-лердің құқықтық мәртебесі мен салық салу процестері халықаралық тұрғыдан қарастырылады және қолданыстағы ережелер салыстырмалы тұрғыдан бағаланады. Нәтижесінде, NFT экожүйесінің тұрақты өсуі үшін үйлесімді және ашық заңнамалық базаны құру қажет екендігі атап өтілді.

Community

0 comments
Use Connect Wallet in the navigation

No discussion yet

Be the first to share a question or observation.