Алмастырылмайтын токендер нарығын талдау
Abstract
Мақсаты: алмастырылмайтын токендердің (Non-Fungible Token- NFT) қаржылық болашағын түсіну және талдау. Әдісі: Зерттеуде алмастырылмайтын токендердің нарығы мен негізгі ерекшеліктері қарастырылды. Осы тақырып бойынша жинақталған кейбір деректер талданып, әлемдегі NFT нарығының дамуы мен ағымдағы жағдайы бағаланды. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі шетелдік ғалымдардың еңбектері мен Statista және DOIT Software ұйымдарының статистикалық есептері болып табылады. Мақалада талдау, индукция және дедукция, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Қорытынды: NFT-лер әдетте сандық өнер туындыларына немесе ойын материалдарына меншік құқығын анықтау үшін пайдаланылғанымен, цифрлық әлемде пайдаланушылар жасаған мазмұнның барлық түрлеріне меншік құқығын анықтау және коммерцияландыру мәселесі жаңа өріс ретінде пайда болады. Бұл иелік шектеулі немесе бірегей өнер туындыларына қатысты болуы мүмкін және ақылды келісімшарттар туралы келісімшарттың тарапы ретінде көрінеді. NFT-лер 2021 жылы нарық үлесінің артуымен цифрлық экономикада өз орнын алды. Әсіресе өнер туындылары мен заманауи өнерде айтарлықтай серпіліс болған NFT сатылымдары 2022 жылы біршама төмендеді, алайда болашақта қайтадан артады деп болжануда. Тұжырымдама: NFT дәстүрлі активтер сыныптарын цифрландыру арқылы активтерді токенизациялау саласындағы серпінді технология ретінде ерекшеленеді. NFT өнер туындыларынан сандық коллекциялық заттарға дейінгі активтердің кең ауқымында бірегейлікті қамтамасыз ету арқылы инвесторларға әртараптандыру мен өтімділікті ұсынады. Сондай-ақ, қаржылық инновацияның бөлігі ретінде NFT ақылды келісімшарттарды пайдалану арқылы транзакция жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттырады, осылайша қаржылық қызметтерді тиімдірек көрсетуге мүмкіндік береді.
Community
0 commentsNo discussion yet
Be the first to share a question or observation.